Атырау, 29 наурыз 12:59
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

Атырауда Ақтөбе медицина университетінің филиалы ашылды

2 392 просмотра

Атырауда «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ филиалының ресми ашылу салтанаты өтті. Жаңа оқу орны жоғары медициналық колледж базасында ашылды және резиденттерге жоғары оқу орнынан кейінгі білім берумен айналысады.

Атырауда көпжылдық тарихы бар Ақтөбе медициналық жоғары оқу орнының пайда болғанына қуанғандар үшін шын мәнінде резидентура бағдарламасы бойынша белгілі бір саладағы клиникалық мамандықтар бойынша оқытылатынын түсіндіру керек.

– Медициналық жоғары оқу орындарының түлектері 5-курсты бітіргеннен кейін бакалавр дәрежесін алып, 2 жыл интернатурадан өтеді. Ал хирург, кардиолог, онколог және т.б белгілі бір мамандыққа ие болғысы келетіндер әрі қарай 3 жыл резидентурада оқуы керек. Атырау облысында реаниматолог, неонатолог, акушер-гинеколог, кардиолог, хирург жетіспейтіндіктен, медициналық мамандықтар бойынша, соның ішінде тәлімгерлер үшін қосымша білім беру және бейресми білім беру қызметін көрсету туралы шешім қабылданды. Осыған орай, Атырау облысынан медициналық ЖОО түлектері, сондай-ақ өңірімізде жұмыс істеуге ниет білдірген жас мамандар Атырауда резидентурадан өтеді деген шешім қабылданды, - дейді ШЖҚ «Атырау жоғары медициналық колледжі» КМК директоры Лаура ҚҰБАЕВА.

Яғни, филиал ашудағы басты мақсат – медициналық кадр тапшылығын жою. Қазір облыста Құрманғазы, Жылыой аудандарын қосқанда 36 резидент жұмыс істейді. Дәрігерлер университетке резидент ретінде түсіп, облысымыздағы жетіспейтін кадрлар бойынша тәжірибеден өтеді. Яғни, кәсіптің барлық қыр-сырын аурухана мен емханаларда меңгереді. Колледж жанынан университет филиалын ашу туралы шешім кездейсоқ емес. Л.Құбаеваның айтуынша, бүгінде бұл үшін қажетті жағдайдың бәрі бар. 75 жылдық тарихы бар Атырау медициналық колледжі еліміздегі ең көне колледждердің бірі. Мұндай ынтымақтастық жергілікті мамандардың кәсіби деңгейін арттыруға көбірек мүмкіндік туғызады және осылайша сұранысқа ие медицина кадрларын дайындауға тікелей әсер етеді.

«М.Оспанов атындағы ЗҚМУ» КЕАҚ ректорының м.а. Эльнара ИСМАҒҰЛОВА Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамалық бұйрығымен Атырауда филиалдың ашылғанын атап өтті. Филиалдың ашылуы Қазақстанның Батыс аймағындағы медициналық мекемелер арасындағы сабақтастықты, өзара байланысты, ынтымақтастықты білдіреді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қаңтар 2022, 16:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.