Атырау, 13 қазан 14:24
 дождьВ Атырау +20
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

Мас күйде қоршауға соғылды

1 501 рет қаралды

3 қаңтарға қараған түні Атырау облысында мас жүргізуші полиция департаменті ғимаратының тас қоршауына соққан.

Мас күйінде Mitsubishi ISX көлігінің иесі Стройконтора маңындағы ПД ғимаратын қоршап тұрған қоршауға соғылған.

- Бұл жол-көлік оқиғасында зардап шеккендердің жоқтығына көз жеткізген полицейлер  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 3-бөлігі бойынша материалдар жинақтады, - деп түсіндірді ПД баспасөз қызметі оқиғаға қатысты.

Айта кетейік, аталған бап бойынша көлік жүргізушісі 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алу және 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айыру түрінде жаза алуы мүмкін.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

3 қаңтар 2022, 15:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.