Атырау, 26 маусым 04:01
 ашықВ Атырау +31
$ 470.90
€ 496.94
₽ 8.83

Құтқарушылар мысықтарды құтқарып алды

Сурет
1 595 просмотра
ТЖД ұсынған және көрнекі сурет. "АЖ" коллажы

Жаңа жылдық оқиғалар шеңберінде атыраулық құтқарушылар өтіп бара жатқан жылдың соңғы күндерінде қиындыққа тап болған үш мысықты аман алып қалды.

Үй жануары жоқ адамдар, әрине, өздігімен ол жерге өрмелеп шыққан мысықты түсірудің не керегі бар деп таң қалуы мүмкін. Шындығында, қаңғыбас иттерден, өшіккен мысықтардан алды-артына қарамай қашқанда немесе кенеттен болған отшашудың қатты дауысынан қорқып кеткенде, мысықтар ағашқа шығып алады. 

Атырау облыстық ТЖД ұсынған сурет

Мысық жоғарыға шығуға икемді болғанымен, бәрі бірдей биіктіктен кері түсе алмайды. «Ағашқа өрмелемеген» мысық үшін мұндай маневр қиын, сөйтіп жануар дәрменсіз күйде қалады. Мұндай күйде кейбірі тіпті қозғалуға қорқады, ал басқалары бір орнында айнала беріп, бұтақтардан әрлі-берлі жүріп, мияулай бастайды. Бір күннен кейін психологиялық күйзеліске шөліркеу мен ашығу қосылады. Ақырында бейшара не секіруге мәжбүр болады, не жай ғана күші кетіп, талықсып кетеді. Әбден қалжыраған жануар секіріп, табанымен жерге түсу үшін күші жетпей, өліп кетуі мүмкін.

Сондықтан құтқарушыларымыз жануарларды ажалдан аман алып қалды десек, артық айтқандық болмас. Сонымен, желтоқсанның 29-ы күні түн ортасы шамасында Азаттық, 65 мекен-жайынан мысықтың ағашқа өрмелеп шығып, өздігінен төмен түсе алмай қалғаны туралы қоңырау түсті. Сол жерге жеткен құтқарушылар мысықты ағаштан түсіріп алып, қожайындарына тапсырды. Бір күн бұрын олар осындай құтқару операциясын жүргізді. Ал 30 желтоқсан күні сағат 00.45-те Тәуке хан, 55 мекен-жайынан қоңырау соғылды. Кәсіпқой құтқарушылар тағы бір мысықты аман-есен құтқарып қалды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

30 желтоқсан 2021, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.