Атырау, 8 қазан 17:34
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Атырауда педофил өгей әке 15 жыл жаза алды

1 725 просмотра

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты өгей қызын жеті жыл бойы зорлаған сотталушыға қатысты үкім шығарды.

Істің желісін еске түсірейік. Баласы бар Атырау тұрғыны Алматы тұрғынына тұрмысқа шығады. Бастапқыда отбасылық өмірде алғашында бәрі жақсы болады, бірақ кейін күйеуі күрт өзгеріп, әйелін ұрып-соға бастайды. Ал ең сұмдығы – ұзақ жылдар бойы қоқан-лоқы жасап, балаға азғындық әрекет жасап келген. 

Жеті жылдан кейін, ерлі-зайыптылар ажырасқан кезде, анасы сұмдық ақиқаттан хабардар болып, полицияға шағымданған. Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі («Жас балаға қатысты көрінеу жасалған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері») бойынша жүргізілді. 

- Сотталушы О. жәбірленушінің дәрменсіз күйін пайдалана отырып, кәмелетке толмаған баланың жеке басына және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қасақана аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі. 

Оның кінәсі жәбірленушінің айғақтарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, сондай-ақ WhatsApp-тағы бейнежазбалар мен хаттар арқылы толық дәлелденді. Алайда сотталушы өз кінәсін мойындамады. 

Прокурор 20 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, сот 15 жыл жаза тағайындады. Қыздың анасы бұл үкіммен келіспейтінін және 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына қол жеткізу үшін апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. 

Фархат АБИЛОВ

30 желтоқсан 2021, 11:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.