Атырау, 8 қазан 17:35
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

5 қаңтардан бастап "көк" белгімен кіруге шектеу енгізіледі

1 974 просмотра

Коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша шаралар қабылдау туралы ұсынысын мақұлдады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев мәлімдеді.

Отырыс барысында елдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты, бірақ «омикрон» штамм бір ай ішінде әлемнің 110 елінде анықталғаны баса айтылды. ДДСҰ мәліметтері бойынша, оның адамнан адамға берілу жылдамдығы "дельта" нұсқасынан бес есе жоғары.

Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігінің қосымша шаралар қабылдау жөніндегі ұсынысы мақұлданды. Атап айтқанда, 5 қаңтардан бастап СОО-ға, сауда үйлері мен караокеге "жасыл" мәртебесі бар адамдарға ғана кіруге рұқсат етіледі.

ВАК атап өткендей, Қазақстан аумағында "омикрон" штамм анықталып, эпидахуал нашарлаған жағдайда 

банктерге, 

Қазпошта бөлімшелеріне, 

ХҚКО-ларға, 

спорттық-сауықтыру орталықтарына, 

СПА-ға, бассейндерге және тағы басқасына да қатысты осындай шаралар қабылданатын болады.

Пессимистік сценарийдің өрбуі барысында ведомствоаралық комиссия ҚР ЦДИАӨМ мен "Атамекен" ҰКП-ға "Қазпочта" АҚ-пен, екінші деңгейлі банктермен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, "жасыл" мәртебеге ие емес адамдарға, оның ішінде онлайн-қызмет көрсету немесе үйіне барып қызмет көрсету сынды қызмет көрсету тетіктерін пысықтауды тапсырды.

30 желтоқсан 2021, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.