Атырау, 24 қараша 08:36
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Аяз аямады

2 821 просмотра

Мақат кентінде жасы алпыстың үстіне қараған қария мен Индер ауданында отыз жастағы жігіт суыққа үсіп көз жұмды.

Мақат аудандық ІІБ қызметкерлерінің мәлімдеуінше, ақпанның соңғы күндерінің бірінде К. деген адам мас күйінде бақиға аттанып кеткен. Баспанасы бар, отбасылы жанның неге үйіне бармағаны белгісіз.Түн ортасында подъезде құлаған жерінде қалың ұйқының соңы оның ажал құшуымен аяқталған. Ал Индер ауданы, Жарсуат ауылының тумасы, жас жігіт көршілес ауылға Жайық арқылы өтіп бару кезінде адасып кеткен. Қатты аязда бағдардан айрылған ол да суыққа тоңып өліпті. Полиция бұл оқиғалардан қылмыстық астар анықталмады деген ақпар беріп отыр.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

9 наурыз 2011, 21:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.