Атырау, 8 қазан 17:29
 бұлттыВ Атырау +16
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Шенеуніктердің балалары жоқ па? Президенттік кадр резервінде кімдер бар

1 728 просмотра

Президенттік жастар кадр резервіне үміткерлердің арасында жоғары лауазымды тұлғалардың туыстары бар ма? Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғановаға осындай сауал қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Иә, біз ол жағын міндетті түрде тексереміз. Олрдың қатарында жоғары лауазымды шенеунік туысы бар кандидаттар немесе лауазымды тұлғалардың балалары жоқ. Біз керісінше мүмкіндігі жоқ жастарға «әлеуметтік лифт» үсынғымыз келеді. Негізі олар конкурсқа қатысып-ақ мемлекеттік қызметке бара алар еді. Бірақ Президенттік жастар кадр резерві арқылы өткісі келсе, неге болмасқа? Бізде кадр резервіне өткен адамдардың арасында жоғары лауазымды шенеуніктердің балалары жоқ», - деді Анар Жайылғанова. 

Осыған дейін 2021 жылы Президенттік жастар кадр резервіне қанша адам барғаны хабарланған болатын.

«Кадр резервінің мақсаты - дайындалған және ынталы жастар үшін әлеуметтік лифт құру. Қазіргі резерв тек мемлекеттік қызметке 50 адам көлемінде құрылды», - деді Анар Жайылғанова.

Президенттік жастар кадр резервіне өткендердің тізімі бүгін Агенттіктің сайтында жарияланады.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін «AЖ» Атырау облысы әкімінің ұлы 2019 жылы президенттің кадр резервіне кіргенін хабарлаған болатын.

Сол кезде «Исатай Оперейтинг Компани» ЖШС бас директоры Болат ДОСМҰХАМБЕТОВ (Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің ұлы), Ержан ЕЛЕКЕЕВ (парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Ирак Елекеевтің ұлы) және Жанболат КӘКІШЕВ (парламент сенатының бұрынғы депутаты Жанболат Кәкішевтің ұлы) кадр резервіне енді.

27 желтоқсан 2021, 14:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.