Атырау, 5 қазан 11:18
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда көктайғаққа байланысты жол жабық

1 569 просмотра

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті көктайғақ болатынын және жолдардың жабылатынын ескертеді.

27 желтоқсан күні сағат 00:30-да Атырау облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) А-28 "Атырау - Индер" облыстық маңызы бар а/ж учаскесінде 20-170 км (Бесікті ауылы-Индербор кенті) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

2021 жылғы 27 желтоқсан күні таңертең сағат 10: 00-ден бастап автокөліктердің барлық түрлері үшін жолдар ашылды.

Сондай-ақ, сағат 08:30-дан бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) Атырау облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметіне сәйкес, облыстық маңызы бар а/ж а-27 "Миялы кенті-Сағыз станциясы" учаскесінде барлық автокөлік түрлері үшін 203-310 км қозғалыс жабылды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындардан абай болуды, тыныштық сақтауды, үйден аса қажеттіліксіз шықпауды сұрайды.

Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы

27 желтоқсан 2021, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.