Атырау, 5 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Жоғалған елді мекендер туралы кітап

Сурет
2 023 просмотра

«XVIII - XX ғасырдағы Атырау өңіріндегі елді мекендер» атты өлкеміз туралы жаңа басылымның бір жылдан бері тұсауын кесу мүмкін болмай жүрген еді, енді, міне, коронавирус сәл бәсеңдеген уақытта соның уақыты келді.

Кітаптың авторы белгілі тарихшы, Атырау облысының тарихи-мәдени мұрасын зерттеу орталығының жетекшісі Мұхамбетқали Кипиев Ғ.Сланов атындағы кітапханада ұйымдастырылған шарада кітаптың шығу тарихын баяндап берді.

Өңірдегі елді мекендердің тарихын тану үшін үлкен зерттеу жұмыстарын жүргіздік, соның ішінде қазіргі уақытта жойылған Төменгі Ембі бекінісі, Қордуан, Ракуш, Прорва, Жилая Коса және басқа елді мекендердің тарихына үңілдік. Орынбор, Астрахан, Алматының мұрағаттарынан қызықты мәліметтерді іздеп таптық, бұл ауылдардың орнына бардық... Соңында төңкеріске дейінгі Гурьев пен 40 көне ауыл туралы ақпарат жинадық. Жиналған мәліметтер негізінде сипаттама мәтінін өзім жаздым, алайда кітап ұжымдық еңбектің нәтижесі екенін айтып өткім келеді, - деді ол. Кейін сөзді әріптестеріне, тарихшыларға, ғалымдарға, өлкетанушыларға берді, олар өз кезегінде осынау еңбекті оң бағалады.

Басылым қазақ және орыс тілдерінде басылған әрі карталармен, фотосуреттермен безендірілген, көптеген статистикалық мәліметтер де бар.

Барлық мәлімет алғаш рет жарияланып отыр, жергілікті мұрағаттардан мұндай құнды дүниені табу қиын – кітап сонысымен қымбат. Өлкеміздің тұнған тарихы дерсің.

Алайда, тираж санының аздығына байланысты (500 дана) кітап сатылымға шықпайды, оны тек облыстағы мемлекеттік кітапханалардан таба аласыз.

Лев ГУЗИКОВ

Суретті түсірген автор

27 желтоқсан 2021, 08:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.