Атырау, 11 маусым 00:32
 дождьВ Атырау +22.8
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

​Атырауда жүргіншілер жолында оқушы қыз қаза тапты

1 970 рет қаралды

21 желтоқсанда күндізгі уақытта «Сарайшық» коммуналдық базарының маңында Lada Priora көлігінің 20 жасар жүргізушісі 9-сынып оқушысын жаяу жүргіншілер өткелінде қағып кетті.

Ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілген қыз дәрігерлердің көмегіне қарамастан 22 желтоқсанға ауған түні көз жұмды. Полиция ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын бастады.

Жыл басынан бері Атырауда жүргіншілер өткелінде 50 адам қағу оқиғасы орын алып, 41 адам түрлі дене жарақатын алған.

Фархат АБИЛОВ

26 желтоқсан 2021, 09:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.