Атырау, 5 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырауда Тәуелсіздіктің мерейтойы дәрігерлерді түрмеден құтқарды

1 565 просмотра

24 желтоқсанда Атырау қаласының №2 соты 2019 жылы Ipad қақпағының магнитін жұтып қойып, кейін ауруханада қайтыс болған бір жасар сәбидің ісі бойынша облыстық балалар ауруханасының төрт дәрігеріне қатысты үкім шығарды.

Іс ҚР ҚК 317-бабы 3-тармағы (Медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы салдарынан абайсызда адам өлiмiне әкеп соққан іс-әрекеттер) бойынша тергелді.

Сотта сол күні кезекшілікте болған облыстық балалар ауруханысының хирург дәрігерлері Д.Тілеуғалиев, Е.Зұлқашев, А.Адрисов, педиатр Ж.Тәжіғалиева зардап шегушіге тиісті медициналық көмек көрсетпеуі салдарынан сәбидің қайтыс болғаны белгілі болды.

№2 соттың баспасөз хабарламасына сәйкес сотталушылардың кінәсі баланың туыстары мен куәгерлердің жауаптарымен, сонымен қатар сараптама қорытындысымен расталған. Баланың әжесі сол кездегі денсаулық сақтау министріне жазған хатында медиктердің жедел ота жасамай, бөтен заттың ағзадан табиғи жолмен шығады деп сендіргендерін айтады.

Төрт сотталушыға да 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қосымша жаза ретінде Зұлқашевқа 3 жылға дейін, қалғандарына 2 жылға дейін дәрігерлік қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Бірақ ең қызығы – олардың барлығы «ҚР Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заңның 2-бабы 1 тармағының 2 тармақшасына сәйкес «іс-әрекеттері ауыр емес қылмыстар қатарына жататындықтан бас бостандығынан айыру жазасынан босатылды» деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

26 желтоқсан 2021, 09:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.