Атырау, 5 қазан 11:20
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау облысының әкімі кінәсіздік презумпциясын қолдайды әрі өз жұмысына риза

2 340 просмотра

24 желтоқсанда «Салтанат сарайында» облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов жергілікті БАҚ журналистерімен және республикалық басылымдардың меншікті тілшілерімен кездесті.

«АЖ» өңір басшысына орынбасарлары Қ.Нұрлыбаев пен Б.Хаменова тергеуде отырғандықтан, ал Н.Таубаевқа қатысты сот жүріп жатқандықтан қалған орынбасарларының арасындағы міндеттерді қалай бөліп бергені туралы сұрақ қойды.

- Таубаевтың кінәсі әлі дәлелденген жоқ. Сот процесі ұзақ болғандықтан, ол өзінің жоқтығы әкімдіктің жұмысына әсер ететінін түсініп өз еркі бойынша жұмыстан шығу туралы арыз жазды. Нұрлыбаевтың ісі сотқа кетті, процесс енді ғана басталды. Бірақ ол жұмыста жүр. Хаменованың ісі бойынша тергеу жүруде, күту керек. Әзірге оның міндеттері басқа орынбасарларыма бөлінді: денсаулық сақтау саласын Қайрат Бекенов, білім беру саласын бірінші орынбасарым Серік Айдарбеков, басқа бағыттарды Нариман Таушов басқарып отыр. Орынбасарларым кінәлі деп танылмайынша олардың орнына басқа адам алу туралы айту ерте, - деді М.Досмұхамбетов.

Журналист Жанат Жақсыбайқызы облыс әкімі ретіндегі қызметіне көңілі толатынын/толмайтынын сұрады. М.Досмұхамбетов осы уақыт аралығында атқарылған жұмыстар туралы айта бастап еді.

- Тола ма, жоқ па, қысқаша жауап берсеңіз? – деді журналист.

- Иә, - деп жауап берді әкім.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

26 желтоқсан 2021, 09:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.