Атырау, 5 қазан 11:24
 ашықВ Атырау +25
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Спортқа арналған кеш: мыңдаған медаль арасындағы Мессидің футболкасы

Сурет
2 653 просмотра

Атырауда «Жайық» спорт кешенінде жыл қорытындысымен дәстүрлі «Sports awards - 2021» шарасы өтті.


Шараға Пекиндегі Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Арман ЧИЛМАНОВ, Токио паралимпиадасының жүлдегерлері Әнуар САРИЕВ, Дәулет ТЕМІРЖАН, Зарина БАЙБАТИНА және бапкерлері Жандос ҚИЯНОВ қонақ ретінде қатысты.

Биыл Атырау облысының спортшылары Қазақстан чемпионаты мен басқа да республикалық турнирлерде 800-ге жуық медаль, Әлем чемпионатында 51 медаль, Азия чемпионатында 24 медаль еншілеген.


Салтанатты шарада Параволейболдан ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Бауыржан САРТАЕВ 2 бөлмелі пәтер кілтіне ие болса, облыстық шахмат федерациясының вице президенті Сабырбай ГАЙСИН «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Осындай медаль  Махамбет аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Абат ҚАБЕНОВ, Индер балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры, еркін күрестен спорт ардагері Мәлік БИҒАМБАЕВ, №1 олимпиадалық резервке дайындайтын мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің баскетболдан жаттықтырушысы Амантай ТҰРҒАЕВҚА да табыс етілді.

Жиынға арнайы келген әлемге танымал футбол жанкүйері екі аяқсыз дүниеге келген 13 жасар Әли ТҰРҒАНБЕК атыраулық спортшыларды биылғы жеткен жетістіктерімен құттықтап, Леонель Месси өз қолымен сыйлаған футболканы Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВКЕ сыйға тартты.  


«Жыл спортшысы» номинациясын олимпиадалық спорт түрінен еркін күрестен Азия чемпионы Талғат СЫРБАЗ жеңіп алса, олимпиадалық емес спорт түрі бойынша кикбоксингтен әлем чемпионы Нұрсұлтан ЖҰМАБАЕВ «Жыл спортшысы» атанды.

«Үздік жас спортшы» - каратэ-додан ел чемпионы Бекзат САИНОВ;


«Ең нәтижелі спорт түрі» -  «ПАРАДЗЮДО»;

«Спорт жанашыры» - Атырау облысы ММА федерациясының президенті Медет ҚОЖАХМЕТОВ;

«Үздік спорт ардагері» - Армрестлингтен үш дүркін әлем чемпионы Рахия МОЛДАШЕВА;

«Үздік команда» - «Атырау» футзал командасы;

«Үздік спорт тілшісі» - «Atpress.kz» ақпараттық порталының тілшісі Ләззат САЛИМОВА;


«Өнердегі үздік спортшы» - эстрада жұлдызы Бейбіт КӨШҚАЛИЕВ;

«Үздік спорттық әкім» - Индер ауданының әкімі Салауат ӨТЕҒҰЛОВ;

«Жыл серпілісі» - дзюдодан Қазақстан чемпионы Ермек АМАНГЕЛДІ;

«Үздік пара спортшы» - параармрестлингтен әлем чемпионы Асия НАБИЕВА;

«Үздік федерация» - Атырау облыстық Кикбоксинг федерациясы;

«Жыл жаттықтырушысы» - еркін күрестен жаттықтырушы Аслан ЖАМАНБАЕВ;

Олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша «Жыл жаттықтырушысы» - джиу-джитсудан аға жаттықтырушы Айбар ЕСЕНҒАЛИЕВ марапатталды.

Бұдан бөлек, спорт саласына еңбегі сіңген 50 ден астам атыраулық облыс әкімі мен облыстық спорт басқармасының «Алғыс хатына» ие болды.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

24 желтоқсан 2021, 13:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.