Атырау, 24 қараша 23:25
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан ҰҚМК: Асқар Ақаевқа жаңа айып тағылды

2 191 просмотра

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаевқа қатысты қылмыстық істі тергеу жалғасады, оған жаңа айып тағылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жақында Ақаевтың әріптесі Бекболот Талғарбеков бұрынғы мемлекет басшысынан барлық айыптау алып тасталғанын және оған қатысты қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылғанын мәлімдеді.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі бүгін, 21 желтоқсанда Талғарбековтың сөзін жоққа шығарды.

"Жекелеген тұлғалардың бұрынғы президент Асқар Ақаевтың "Құмтөр" ісі бойынша айыптауларын алып тастауға қатысты жалған мәлімдемесіне байланысты ҰҚК қоғамға осы қылмыстық істі тергеудің алдын ала нәтижелері туралы объектив ақпарат жеткізуді қажет деп санайды. Тергеуге қатысы жоқ және сәйкесінше іс бойынша сенімді ақпараты жоқ адамдардың мұндай мәлімдемесі қоғамды әдейі адастырады", - деп түсіндірді департамент өкілі.

Сонымен қатар, Асқар Ақаевқа 1992 жылы "Камеко" компаниясымен бас келісім жасасу және 2003 жылы "Құмтөр" жобасын қайта құрылымдау эпизодтары бойынша жаңа айып тағылған.

"Асқар Ақаев қылмыстарды жасағаны үшін өз кінәсін толық мойындағанын және тергеумен белсенді түрде ынтымақтасатынын, ал оның елден тыс жерге кетуі тергеушімен, сондай-ақ оның Бішкекке келуімен алдын ала келісілетінін ерекше атап өткен жөн. Бұл ретте қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр және "Құмтөр" жобасын іске асыруға байланысты қылмыстарды жасаудың басқа да деректері анықталады, ал жүргізілген тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша іс фигуранттарына тиісті заңдық баға беріледі", - деп түйіндеді ҰҚК өкілі.

21 желтоқсан 2021, 14:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.