Атырау, 8 қазан 19:56
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Теңіз кенішінде 39 мың адам жұмыстан қысқартылады

2 093 просмотра

2022 жылы Теңіз кенішінде жұмыс істейтін 39 мың адам жұмыстан қысқартылады. Кен орнындағы «Келешек кенею» жобасының аяқталуына байланысты жұмыстан босайтындардың 45 проценті жергілікті тұрғындар екен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді келер жылы өңірде жұмыссыздар саны күрт өсуі мүмкін. Жаңа жылдың алғашқы 3 айында 7 мың жұмысшы қысқартылады. Оның 3 мыңға жуығы Атырау обылсының тұрғындары. Десе де, «Теңізшевройл» компаниясы жұмыссыздар санының күрт өсіп кетпеуі үшін шаралар қолға алынып жатыр. «Келешек кеңею» жобасын жүзеге асыру барысында 16 мыңнан астам адам компания есебінен оқытылыпты. Ал жұмыспен қамту басқармасындағылар жұмыстан босағандардың екі қолына бір күрек табылады деп отыр. 

- Қысқарған жағдайда өздеріңіз білесіздер мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар, - деді облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов. 

21 желтоқсан 2021, 09:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.