Атырау, 8 қазан 19:55
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Атырау облысында бір тәулікте 6 адам Covid-19 жұқтырған

1 560 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясымен 6 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 6 жағдайы расталды.

Коронавирус инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 1 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 14 адам емделді.

Қазір 82 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 48, аудандық инфекциялық стационарларда - 12 науқас емделіп жатыр. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

21 желтоқсан 2021, 09:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.