Атырау, 8 қазан 19:53
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Сот залынан

1 777 просмотра

Атырауда қой ұрлаған екі сотталушыға қатысты үкім шықты. Биылғы мамыр мен маусым айларында 26 бас қой ұрлап, сатып жіберген.

Атырау облысының 25 және 20 жастағы тұрғындары ҚР ҚК 188-1 бабы, 3 б. 1 т. ("Мал қораның ауласына кірумен бірнеше рет жасалған мал ұрлау") бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

* * * * *

Махамбет аудандық соты жергілікті тұрғын М.Е. қатысты ҚР ҚК 300-бабының 1 бөлігі ("Сораның, көкнәрдің немесе құрамында есірткі заттар бар басқа да өсімдіктердің сұрыптарын егіп-өсіру") бойынша қылмыстық істі қарады.

Сотта анықталғандай, М.Е. сораның дәндерін сатып алып, ауласына егіп, өзі пайдалану үшін өсірген. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, ол кінәлі деп танылып, пробациялық бақылауымен бірге бір жыл бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.

* * * * *

Құрманғазы аудандық соты аудандық аурухананың жергілікті тұрғын Б.С. маскүнемдіктен мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы талап-арызын қанағаттандырды.

Сотта Б.С. еш жерде жұмыс жасамайтыны, ішімдікке әуестігіне байланысты аудандық емхананың дәрігер-наркологының диспансерлік есебінде тұрғаны анықталды. Өз еркімен емделуден бас тартқан, қоғамдық орындарда мас күйінде жүргені үшін бірнеше рет ұсталған. Сот Б.С. мамандандырылған емдеу мекемесіне 3 айға мәжбүрлі емдеуге жіберу туралы қаулы шығарды.

* * * * *

Атырау қаласының әкімшілік соты азамат Н-ға қатысты ҚР ӘҚБтК 669-бабы 1-тармағы ("Сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамау") бойынша істі қарады.

2016 жылы Тараз қалалық соты Н-нан бұрынғы әйелінің пайдасына кәмелетке толмаған балаларын асырау үшін ай сайынғы жалақысының немесе басқа да табысының жартысы мөлшерінде алимент төлеу туралы қаулы еткен. Алайда осы күнге дейін Н. жазбаша ескертулерге қарамастан сот актісін орындамаған. Бүгінгі күні оның қарызы 3 млн 676 мың теңгені құрады. Осы жолы сот оған 10 210 теңге айыппұл салды.

* * * * *

Құрманғазы аудандық соты РФ азаматына қатысты ҚР ӘҚБтК 514-бабы 2-тармағы ("Шетелдік азаматтың Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекара режимін бұзуы") бойынша әкімшілік істі қарады

Сотта анықталғандай, Т.Ф. моторлы қайықпен ҚР шекара аймағындағы Қиғаш өзеніндегі №24 шекаралық белгісі маңында жүрген, осылайша еліміздің шекарасын бұзған. Облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлағандай, Т.Ф.-ке 40 838 теңге көлемінде айыппұл салынып, жүзу құралы тәркіленді.

* * * * *

Кәмелетке толмағандардың ісі бойынша ауданаралық сот ҚР ӘҚБтК 438-бабы 3-тармағы ("Арнаулы қызметтерді 14-тен 16 жасқа дейінгі жасқспірімдердің көрінеу жалған шақыруы") бойынша әкімшілік істі қарады.

Сотта анықталғандай, жасөспірім 102-ге төбелес болып жатыр деп жалған ақпарат берген. Ол кейін белгілі болды. Жасқспірімнің анасы жауапкершілікке тартылды – бірінші рет болғандықтан, сот ескерту берумен шектелді.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 желтоқсан 2021, 22:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.