Атырау, 8 қазан 19:49
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Төлқұжатың бар ма?

1 531 просмотра

Атырауда ер адам 26 жыл жеке басын куәландыратын құжатсыз жүрген. Жалпы Атырау облысында осылай жүрген екі жүзге тарта адам бар.

Атырау облысы Құлсары қаласының тұрғыны 1995 жылы жеке куәлігін жоғалтып алып, оны қайта жасатпаған. Осы уақытқа дейін ол қаладан шықпай көбіне үйде отырған. Қазір жасы 53-те.

– Атырау облысы бойынша жеке басты куәландыратын құжатсыз жүрген 169 азамат анықталды. 50 адам әлі күнге дейін КСРО паспортымен жүр, - дейді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.  

Сонымен қатар, облыста азаматтығы жоқ деп танылған 67 адам бар. Олардың барлығы арнайы республикалық шара барысында анықталды.

Қазір 148 тұлғаға құжаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

20 желтоқсан 2021, 16:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.