Атырау, 8 қазан 19:48
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Доссор – Бейнеу трассасындағы жол апатында қарттар зардап шекті

1 664 просмотра

18 желтоқсанда Доссор – Бейнеу тас жолының 15 шақырымында жол апаты болды. Полиция департаментінің хабарлауынша, Доссор поселкесіне қарай бағыттап келе жатқан  Ravon P3 автокөлігі жолда екі сиырды қағып, соққы салдарынан жолдың қарсы бағытына шығып, Ford Galaxy автокөлігімен соқтығысып қалды.

Ravon P3  автокөлігінің 71 және 81 жастағы жолаушысы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылып, қалған 9 адам дәрігерге қаралып, үйіне қайтарылған.

Аталған жол-көлік оқиғасына қатысты Мақат аудандық полиция бөлімі тергеу амалдарын жүргізуде.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

20 желтоқсан 2021, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.