Атырау, 8 қазан 19:46
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Мектеп қағаз қалдықтарынан табыс табады

2 087 просмотра

Жақында Атырауда қалалық білім беру бөлімінің өкілдері мен мектеп директорларының қатысуымен «Жасыл мектеп» жобасының таныстырылымы өтті.

Жоба жетекшісі «Экодаму» орталығының директоры Мейірбек ҚУАНЫШЕВТЫҢ айтуынша, мақсат - мектеп оқушыларының экологиялық сауатын арттырып, қоқыстарды сұрыптауды балалардың күнделікті әдетіне айналдыру.

Экомектеп жобасы бүгінде Назарбаев зияткерлік мектебі мен SilkWay мектеп-лицейінде жүзеге асуда. Бүгінгі таңда Назарбаев зияткерлік мектебінен айына 60 келі макулатура жиналып отыр. Басқа мектеп директорлары келіскен жағдайда әрқайсысына макулатура салуға арналған экобокс орнатылады, кейбіреулерінде орнатып та үлгерген. Содан соң оқушылар мен мұғалімдерге экологиялық тренинг өткізіледі.

- Жиналған қағаз қалдығының көлеміне байланысты біз ай сайын ақша аударып отырамыз. Оны директорлар мектептің қажеттілігіне жаратса болады, - дейді М.Қуанышев.

Майра Ищангалиева, Хиуаз Доспанова атындағы орта мектеп өкілі:

- Біздің мектеп осы жобаға екі айдан бері қатысып келеді. Әлеуметтік педагогтармен кеңесе отырып, біз ол ақшаны мектептегі аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға жетіспейтін нәрселерін алып беруге жұмсап отыруды шештік.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

21 желтоқсан 2021, 10:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.