Атырау, 8 қазан 19:54
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

​Теңіз кенішіндегі инфекциялық стационарда COVID-19 жұқтырған науқас жоқ

1 781 просмотра

Атырау облысында инфекцияның жұқтыру қаупі төмендегені байқалады, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте Атырау облысында 5 адам COVID-19 жұқтырған. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды, Теңіз кен орнында - 1, Құрманғазы ауданында  - 2 науқас. 

Коронавирус инфекциясы бар 2 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 5 адам емделді.

Бүгінгі күні 70 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 57, аудандық инфекциялық стационарларда - 13 науқас ем қабылдауда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда науқас жоқ.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

20 желтоқсан 2021, 10:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.