Атырау, 8 қазан 19:48
 бұлттыВ Атырау +14
$ 484.37
€ 531.06
₽ 5.05

Атыраулық компанияның жобасы Қазақстанда үздік деп танылды

PR
2 191 просмотра


 

3-4 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында Жобалық менеджментті жетілдіру форумы өтті. Іс-шара кезінде ІІ Ұлттық «Qazaqstan Project Management Awards – 2021» конкурсының қорытындылары жарияланды. Кәсіби жарыс алаңы Қазақстандағы жобалық менеджмент жүйесін дамыту мақсатында өткізіледі және замана көшінен қалмай, өз қызметтерінде жобалық менеджмент әдістері мен құралдарын енгізген мемлекеттік органдар мен ұйымдарға қолдау көрсетеді. Конкурс екі жылдан бері Қазақстанның барлық өңіріндегі жобалық менеджерлердің басын қосып, өзара тәжірибелерімен бөлісу үшін біріктіріп, жобалар мен бағдарламаларды аса тиімділікпен жүзеге асыруға қабілетті жобалық менеджерді анықтайды. Биыл алғаш рет үздіктер қатарынан көрінуге тек мемлекеттік органдар ғана емес, бизнес, ҮЕҰ, квазимемлекеттік сектор және жоғары оқу орындарының өкілдері де күресті.     

 

«Бизнес» санаты бойынша «Үздік жыл жобасы» номинациясында 2000 жылы құрылған және жылыту, желдету және салқындату жүйесін жеткізу мен монтаждаумен айналысатын «АРТС» ЖШС ел үздігі деп танылды. Компания конкурстық жұмыс ретінде «Жүйелік бизнесті құру» тақырыбындағы ұйым жұмысын жүйелеу жобасын ұсынды. Жоба топ-менеджерлерге ұжымның, жалпы компанияның қызметіне жаңаша көзқараспен қарауға жәрдемдесіп, жұмысты оңтайландыру, процестердің ашықтығын енгізу және қызметкерлердің  KPI деңгейін арттыру жолымен мәселелерді шешуді ұсынады.

 

- 2019 жылы компаниямыз күрт өсу қарқынын сезінді, бұл қызметіміздің тез кеңеюімен бірге бірқатар проблемалардың тууына да себепші болды. Нәтижесінде біз компанияда жүйеліктің жоқтығы жұмысымызға кері әсерін тигізіп жатқанын түсіндік және қолмен басқарудан жүйелі басқаруға көшуді қажет еттік. Бұл мәселе бір жарым жыл бойы жүзеге асырылған осы жобаны әзірлеудің алғышарттары болды. Нәтижесінде бұл жоба компанияның үздіксіз, тұрақты, құрылымды және реттелген жұмысын қалыптастыруға көмектесті. Сонымен қатар бізге әркімнің орны, қызметтері, құзірет салалары және жауапкершілік аймақтары  нақты анықталған құрылым құруға жәрдемдесті. Біз жобамыздың осындай жоғары баға алғанына қуаныштымыз және тәжірибеміз басқа компанияларға да пайдалы болады деп үміттенеміз,- деп атап өтті «АРТС» ЖШС директоры Ольнева Светлана Владимировна.

 

Конкурс дәстүр бойынша онлайн форматта өтінімдерді қабылдау, конкурсқа қатысушылардың есебін кәсіби асессорлардың бағалауы, құрамына мемлекеттік органдар мен кәсіпқой жобалық қауымдастықтардың өкілдері кірген әділ қазылар алқасының қарауы және финалға шығушыларды анықтауы сияқты бірнеше кезеңде өтті.

 

Биыл Конкурсқа қатысуға өтінім берушілер саны артты. Нақтылай айтсақ, 300-ден аса өтінім түскен екен, бұл Конкурсқа деген қызығушылықтың артқанын көрсетеді.  

20 желтоқсан 2021, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.

Комментарий беру ажыратылған