Атырау, 18 сәуір 17:27
 ашықВ Атырау +21
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Спорт жаңалықтары

2 277 просмотра

Көрнекі сурет

Нұр-Сұлтанда еркін күрестен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. 70 келіге дейінгі салмақта Индер ауданының спортшысы Талғат Сырбаз чемпион атанды.

Ересектер арасында дебют жасаған спортшы биыл сәтті өнер көрсетіп келеді – осыған дейін Талғат Азия чемпионатының алтынын олжалап еді.


* * * * *

Өскеменде ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында ел чемпионаты өтті. 89 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медальды Атырау спортшысы Никита Ефремов тақты.

Жұлқа көтеруде 121 келі, серпе көтеруде 154 келіні бағындырған Никита осыған дейін көктемде 17 жасқа дейінгі жастар арасындағы ел чемпионатында да қола медаль иеленген еді.

 

* * * * *

Мәскеуде өткен халықаралық «Сэйкен кубогы» турнирінде Атырау кекушинкай карате федерациясының тәрбиеленушілері сәтті өнер көрсетті.

6 қатысушының тек біреуі ғана медальсыз оралды. Аружан Абдрахманова алтын алқа тақса, Сандуғаш Күлмесханова күміс, Арман Амиров, Глеб Повстянко және Тагир Ульянов қола медальды олжалады. Спортшыларды Т.Нұрымов, М.Жолдасов, Р.Байбосынов жаттықтырады.

 

* * * * *

Нұр-Сұлтан қаласында UWW грэпплинг бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау облысының құрамасы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола медаль иеленді.

«Но-ги» санатында (кимоносыз) Русланхан Мадыханов (66 кг дейін) пен Неймат Асдаов (71 келіге дейін) чемпион атанды. Арулан Құрманалиев (62 келіге дейін), Мейрамбек Мақсотұлы (71 келіге дейін) және Ерлан Шакишов (130 келіге дейін) қола медаль тақты. «Ги» санатында Р.Мадыханов тағы бір алтынды олжалады. А.Құрманалиев күміс, Дулат Айдынов қола медаль алды.

 

* * * * *

Бейрутте дзюдодан жастар арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

40 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Зере Өтепқали қола медальға қол жеткізді. Оны Б.Жұмабаев пен Д.Жақсиев жаттықтырады.

 

* * * * *

Нұр-Сұлтан қаласында кекушинскай карате бойынша Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау командасы 3 алтын, 4 күміс және 8 қола медаль иеленді.

Темірлан Жабашев, Аружан Нұржайыққызы мен Нұрилла Қашаубаева ел чемпиондары атанды.

 

* * * * *

Алматыда жастар арасында 3х3 баскетболдан Қазақстанның күзгі чемпионаты аяқталды.

16 жастағы жастар арасында Атырау облысының командасы алтын медальға қол жеткізді (Мақсот Темірлан, Марат Абат, Ахан Мұқажанов, Даниил Миржанов). 23 жасқа дейінгі жастар арасында атыраулықтар күміске ие болды (Ерқанат Қайрошев, Ернар Жексенбаев, Жәңгір Балғымбаев, Ілияс Жүнісов).

Чемпионат қорытындысы бойынша Ерқанат Қайрошев пен Марат Абат «ең үздік ойыншы» болып табылды. Баскетболшыларды Аслан Дүйсембай, Қуаныш Хабдолла, Аманат Еділбаев, Ерсайын Идиятов, Рустам Қуантыровтар жаттықтырады.

 

* * * * *

Алматыда таеквондодан (WT нұсқасы) Қазақстан кубогы өтті. Атырау командасы 2 алтын, 2 күміс және 2 қолаға қол жеткізді.

Кубокты Жансель Дениз (73 келіге дейін) бен Айгүл Елубай (73 келіден жоғары) иеленді. Күміс медаль Айдана Еділбаева (46 келіге дейін) мен Жадыра Хайруллинаға (62 келіге дейін) бұйырса, Майра Сүйенбекова (67 келіге дейін) мен Алмас Меллатов (80 келіге дейін) қолаға қол жеткізді.

14 желтоқсан 2021, 22:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.