Атырау, 5 қазан 13:32
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Дамбыда қаңғыбас иттер 13 жасар қыз баланы талап тастады

Сурет
2 646 просмотра

13 желтоқсан күні Дамбы ауылдық округінде 13 жасар қызды қаңғыбас иттер талап тастады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі зардап шегушінің облыстық балалар ауруханасына ауыр күйде жеткізілгенін хабарлады. Медиктер сол жақ иығында, бетінде терең жарақат барын, білектерінде, саны мен жамбасында жарақаттар барын анықтады.


Жыл басынан бері облыстық балалар ауруханасына жануарлар тістеген 400-ге тарта бала түскен. Оның ішінде 152 жағдайда қаңғыбас иттер таласа, 183 жағдайда үйдегі асыранды иттер тістеген. 15 баланы қаңғыбас мысықтар, 23 баланы үй мысықтары талаған.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА

14 желтоқсан 2021, 22:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.