Атырау, 13 қазан 16:04
 дождьВ Атырау +25.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

«Қазақтелеком» ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленді

80 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Қазақстанда ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеуіне жауапты ұйым ресми түрде анықталды. Ол — «Қазақтелеком» АҚ.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 9 қазандағы тиісті қаулысы ресми дереккөздерде жарияланды.

«Қазақтелеком» акционерлік қоғамы ұлттық бейнемониторинг жүйесінің операторы болып белгіленсін», — делінген құжат мәтінінде.

Атап өтілгендей, елдегі ең ірі телекоммуникациялық операторға мұндай мәртебе «Киберқауіпсіздік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес берілген.

Қаулы 2026 жылғы 23 қазаннан бастап заңды күшіне енеді.

Бүгін, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.