Атырау, 27 желтоқсан 01:27
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -4
$ 504.60
€ 594.27
₽ 6.48

Қырғызстанның экс-президенті Ақаев Бішкекке оралды

1 832 рет қаралды

Қырғызстанның экс-президенті Асқар Ақаев Бішкекке келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Басылым дереккөздеріне сәйкес, Мәскеуден келген борт Манас әуежайына 14 желтоқсанда таңертең 4.40-та қонған. Асқар Ақаев туған жеріне ұлы Іліммен бірге ұшып келген.

"Бұрынғы президент "Құмтор" ісі бойынша жауап алуға шақырыла ма, әлі белгісіз", - делінген хабарламада.

Құмтор - Қырғызстанның Ыстықкөл облысында Бішкектен 350 шақырым жерде орналасқан Орта Азиядағы ең ірі биік таулы алтын кен орны. Тянь-Шань тау жүйесінде, теңіз деңгейінен 4000 метр биікте орналасқан Құмтор - әлемдегі екінші биік таулы алтын кен кәсіпорны.


14 желтоқсан 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.