Атырау, 5 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау облысында бір тәулікте 5 адам Covid-19 жұқтырған

1 810 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 3 жағдайы расталды, Исатай ауданында  - 2 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 19 адам емделді.

Қазір 69 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 59, аудандық инфекциялық стационарларда - 19, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 9 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

14 желтоқсан 2021, 09:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.