Атырау, 11 маусым 01:58
 дождьВ Атырау +22.8
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

​Орал тұрғыны Атырауда жоғалып кетті

2 519 рет қаралды

Атырауда 39 жасар Ерболат КЕНЖЕҒАЛИЕВ із-түссіз жоғалып кетті. 2 желтоқсанда Орал қаласынан нәпақа табамын деп келген ер адам жалдамалы пәтерге, кейін қонақ үйге орналасады. Туыстарына соңғы рет 3 желтоқсан күні хабарласыпты. Содан кейін телефоны өшірулі тұр.

Ерболаттың ағасы 8 желтоқсан күні Атырауға келіп, полицияға хабар берді.

- Ол Атырауға күзетші болып жұмысқа орналасамын деп кеткен. Қонақ үйде бірге тұрғандардың айтуынша, олар 4 желтоқсан күні таңертең бір компанияға әңгімелесуге шыққан, кейін түсінгенімдей, бірге ішімдік ішкен, бір подъезде түнеген. Менің ағамның қайда кеткенін естеріне түсіре алмай отыр, -  дейді жоғалған жанның туысы. Ол Ерболат арасында ішімдік ішкенімен, жоғалып кетпейтінін баса айтты.

Полиция Ерболатты іздеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады.

Айнұр САПАРОВА 

13 желтоқсан 2021, 20:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.