Атырау, 5 қазан 13:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

"Иттер тек тұрғындардың өтініші бойынша жойылады"

Сурет
2 874 просмотра

Атырауда соңғы күндері қаңғыбас иттер көбейіп кетті. Облыстық аурухананың зақым-жарақат бекетінің мәліметінше, соңғы айда онда 45 адам ит тістеген әр түрлі жарақатпен жүгінген.  

Атырау облысында биыл бұралқы ит-мысықтарды жоюға 47 миллионнан астам қаржы бөлінгенін жазған едік, оның 25 млн теңгесі облыс орталығына тиесілі. Алайда, қазір бұл жұмыстар жүргізілмейді. «АЖ» тілшісі осы тақырыпқа қатысты Атырау қалалық ветеринария станциясының басшысы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВПЕН әңгімелескен еді.

- 2020 жылға дейін бұралқы иттерді атуды жеке кәсіпкерлер жүргізіп келді. Бұл құзірет қазір ветеринариялық станцияға берілгелі итті қорғаушылар біздің жұмысымызға кедергі келтіруде, - дейді С.Оразғалиев. – Жақында бірнеше еріктілер облыс әкімдігіне жиналды, оларды облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаев қабылдады. Олар иттерді жоймай, оны арнайы питомникте асыраңдар дейді. Олардың сөзін ескеріп, жаппай жоюды тоқтата тұруды шештік. Бірақ халық шағым түсіріп жатса, сол жерге тапсырыспен барып жоюға құқылымыз. 


- Жақында депутаттар жануарларға қатыгездік көрсетуге қатысты заң жобасын қабылдады. Бұралқы иттерді жоймай, арнайы питомниктерге апару туралы сұрақ шешілді ме?

- Ол заң әлі күшіне енген жоқ. Заң күшіне енсе, питомниктерді ұйымдастыруға қаржы бөлінуі керек.

- Бұл мәселе бойынша өзіңіздің пікіріңіз қандай?

- Итті жойған жақсы емес, бірақ адамның да қауіпсіздігін ойлау керек. Осы факторлардың бәрі ескеріліп, бұл мәселе өз шешімін табады деп үміттенемін. Бұл жерде ескеретін тағы бір жайт бар: иттер қалаға даладан келген жоқ - көбі күшік кезінде асырап, өскен соң «қажет болмай», көшеге шығарып жібереді.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттерді түсірген автор 

14 желтоқсан 2021, 15:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.