Атырау, 5 қазан 15:24
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

«Бұралқы ит әзірге жойылуға жатады»

1 623 просмотра

Атырау облысында биыл бұралқы ит-мысықтарды жоюға 47 миллионнан астам қаржы бөлінген. Оның 25 млн теңгесі Атырау қаласына тиесілі. Бұл туралы брифингте Атырау облыстық ветеринария басқармасының басшысы Азамат АЙТҚАЛИЕВ мәлімдеді.

Оның айтуынша, жыл басынан бері облыста 8771 ит жойылған, оның 3720 Атырау қаласына тиесілі.

- Иесіз жүрген иттерді атпай, питомниктерге апарып беретін жағдайлар кездесе ме?

- Ветеринария туралы заңнын 11 бабында бұралқы иттерді жою жұмыстары қалалық және аудандық ветеринарлық станцияның құзіретінде. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, иесіз және көшеде тұмылдырықсыз жүрген иттердің бәрі бұралқы болып табылады әрі жоюға жатады, - деп жауап берді А.Айтқалиев. - Бұралқы иттерді жоймай, арнайы питомниктерге апару туралы сұрақ бүгінгі таңда өте күрделі мәселе. «Жануарларға жауапты қарау туралы» заң қабылданғаннан кейін өзгеріс болуы мүмкін, бұл заңның жобасын экология геология және табиғи ресурстар министрлігі дайындады. Ондағы заң тармақтарында иттерді ауламай, оны питомниктерге апару туралы қаралған. Питомниктер қандай болатыны да осы заң жобасында көрсетілген. Алайда, заңды қамту үшін материалдық база қажет. Ал әзірге бұралқы ит пен мысықтар ауланып, жойылуға жатады. 

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

29 шілде 2021, 15:36

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.