Атырау, 13 қазан 16:33
 дождьВ Атырау +25.2
$ 451.31
€ 504.56
₽ 5.36

​Атырауда Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі ашылды

Бейнежазба
101 рет қаралды

Атырауда Қазақстанның, Қырғызстан мен Қарақалпақстанның 11 театрының сахна саңлақтарының басын біріктірген Рахымжан Отарбаев атындағы ІІІ халықаралық театр фестивалі салтанатты түрде ашылды.  

Салтанатты рәсім Махамбет атындағы Академиялық қазақ драма театрында өтті. 

Фестивальдің ашылуына Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов, ТҮРКСОЙ Халықаралық түркі мәдениеті ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раев, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Театр өнері басқармасының басшысы Алтынгүл Нұрбекова, Рахымжан Отарбаев атындағы “Руханият” қорының төрайымы, драматургтің жары Сәуле Отарбаева қатысты. 

Қадірлі қонақтардың қатарында Меруерт Өтекешева, Бақтияр Қожа, Еркебұлан Даиров, Дулыға Ақмолда, Асхат Маемиров, Нұрлан Жұманиязов және театр мен кино өнерінің көрнекті өкілдері бар. 

Болат Ақшолақов Рахымжан Отарбаев – Атырау топырағынан түлеп ұшқан қаламгер ғана емес, қазақ әдебиеті мен драматургиясында өзіндік қолтаңбасын қалдырған, барша қазаққа ортақ суреткер екенін атап өтті. Ал, қаламгер атындағы халықаралық фестивальдің туған жерінде өтуінің мәні өте ерекше деді. 

Фестивальдің басты мақсаты — Рахымжан Отарбаевтың шығармашылық мұрасын дәріптеу, ұлттық театр өнерін дамыту және халықаралық мәдени ынтымақтастықты нығайту.

Фестиваль аясындағы спектакльдер 12-16 қазан аралығында Махамбет атындағы театрда және Атырау жастар театрында өтеді. 

Қойылымдарды отандық және шетелдік театр өнерінің мамандарынан құралған кәсіби қазылар алқасы бағалап, үздік шығармашылық жұмыстарды анықтайды.


Бүгін, 15:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.