Атырау, 5 қазан 15:30
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Сицилияда құтқарушылар жарылыстан аман қалғандарды іздестіріп жатыр 9

1 699 просмотра

Құтқарушылар Сицилияның Равануза қаласында болған жарылыстан зардап шеккендерді іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті ақпарат құралдары мәліметінше, оқиғадан кемінде төрт адам қаза тапқан. Қазір хабар-ошарсыз кетті деген алты адам іздестіріліп жатыр. Құтқарушылар ауыр техниканы қолданбай жұмыс істеп жатыр.

Үйінді астынан екі әйел құтқарылған. Оларды ұялы телефон сигналдары арқылы тапқан.

"12 сағат тынымсыз жұмыс істеген құтқарушыларға алғыс айтамын. Үйінді астында әлі де адамдар бар. Олар аман-сау табылады деп сенейік", - деді жергілікті тұрғын Лилло Кавальяро.

Сенбідегі жарылыс салдарынан көршілес төрт үй қирап, тағы үшеуі бүлінген. Қазір оқиғаның себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газ шығуынан болған.

"Бұл шағын қала және бәрі бірін-бірі таниды. Басымыздан мұндай жағдай өтіп жатқанына сену мүмкін емес, айтарға сөз жоқ", - деді 69 жастағы зейнеткер Арканжело Д'Анжело.

Равануза ( итал. Ravanusa ) - Италиядағы коммуна, Сицилия аймағында орналасқан, Агридженто әкімшілік орталығына бағынады. Халық саны 11 мың адам.

13 желтоқсан 2021, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.