Атырау, 5 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Атырауда 14 жасар қыз көпірден секіріп кетті

Толықтырылды Бейнежазба
2 214 просмотра

12 желтоқсанда кешкі он шамасында Атырауда 14 жасар қыз бала Әлиев көпірінен секіріп кетті. Бұл оқиғаны көрген тұрғын дереу полицияға хабар берді.

Оқиға орнына жақын жүрген патруль құрамындағы аға лейтенант Исатай ТҰРСЫНҒАЛИЕВ пен сержант Ғалым ҚАЛБАЕВ тез жетеді. Қалбаев беліне жіп байлап, мұздай суға ойланбастан түседі. Тұрсынғалиев жағада жіптің екінші ұшын ұстап тұрды. Бірнеше минуттан соң тағы бір полиция экипажы келіп, Тұрсынғалиев әріптесінің артынан жүзіп барады, себебі, сержантқа көмек керек болды. Екеуі есінен танған қызды жағаға шығарады.

- Ойланатын уақыт болған жоқ, бірден өзенге түстім. Су мен ойлағаннан да салқын екен. Бірақ адамды құтқару керектігі түсінікті. Біраздан соң әріптесімнің жүзіп келгенін көрдім. Үшеуміздің де тірі қалуымыз үшін тезірек қимылдай бастадым, - дейді полиция сержанты Ғалым Қалбаев.

Құтқарылған қыз облыстық ауруханаға жеткізілді.

Еске салайық, Атырауда өткен аптада 19 жасар қыз Алмагүлдегі көпқабатты үйдің 16-қабатынан секіріп қаза тапса, 7 желтоқсанда жаяу жүргіншілер көпірінен жүкті әйел секіріп кетті. Абырой болғанда оны су полициясы қызметкерлері құтқарып қалды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасында «қыз баланың жағдайы тұрақты, оң динамика байқалады» деп жауап берді. Дәрігерлер «гипоксиялық ишемиялық энцефалопатия» деген диагноз қойған. Бас миының ісіну қаупі әзірге белгісіз. Бәсекелес диагноз: «Салқын суға бату, тұншығу. Аспирациялық пневмонияның тәуекелдігі». Қазіргі таңда ол облыстық аурухана дәрігерлерінің бақылауында.

Фархат ӘБІЛОВ

Видеоны полиция департаменті ұсынды

13 желтоқсан 2021, 12:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.