Атырау, 24 қараша 23:45
 ашықВ Атырау -1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

АҚШ-та жойқын құйыннан 80 адам қаза болды

1 689 просмотра

Сенбіде шетелдік БАҚ америкалық Иллинойс, Миссури, Арканзас, Кентукки және Теннесси штаттарын басып өткен торнадо салдары туралы жазды. Табиғи апат салдарынан қазірдің өзінде 80 адам қаза тапқан. Құрбандар саны әлі де көбеюі мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Табиғат апаты Кентукки штатына орасан зор шығын әкелді, шам зауыты құлағаннан кейін ондаған адам із-түзсіз жоғалып кетті.

©Reuters

The Wall Street Journal мемлекетке келген зиян туралы жазды. Кентуккидегі кем дегенде бір қала "толық қираған болуы мүмкін", - деп жазды газет.

©Reuters

Twitter қолданушылары АҚШ-тың шығысындағы жойқын дауыл салдары түсірілген видео жариялады. Кадрларда бүкіл қала қирандыға айналғанын көруге болады. 

12 желтоқсан 2021, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.