Атырау, 5 қазан 15:33
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Пойыз бір қора қойды басып кеткен, машинист кінәлі емес

1 677 просмотра

8 желтоқсанда Исатай ауданында тауар пойызы бір қора қойды басып кетті. Кейін малдың иесіне айыппұл салынды.

- «Қиғаш-Атырау» учаскесінде жүк пойызының машинисі жол бойында малды байқап, дереу тежегішті басқанымен үлгере алмады. 16 қой мен 4 ешкі өлді, - деп хабарлады көліктегі полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Қалижан ҚОБЛАНДИН.

Оның айтуынша, оқиға орнына Атырау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің жедел тергеу тобы барған. Жүргізілген шаралардың нәтижесі бойынша малдың Аққыстау аулының 61 жастағы иесі анықталды. Ол ҚР ӘҚБтК 559-бабының 1-бөлімі («Теміржол көлігінде қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қағидаларды бұзу») бойынша әкімшілік жазаға тартылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

Фархат ӘБІЛОВ

10 желтоқсан 2021, 23:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.