Атырау, 25 қараша 22:36
 ашықВ Атырау -2
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова пара алды деген күдікпен ұсталды

Толықтырылды
4 181 просмотра

10 желтоқсанда «АЖ»-ға Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл ХАМЕНОВА мен облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ақылбек РЫСҚАЛИЕВТЫҢ 5 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталғандары белгілі болды.

Оларды ұстауды Нұр-Сұлтаннан арнайы келген ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бір топ қызметкерлері жүргізген. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, пара тендерден алатын «откат» болуы мүмкін.

Б.Хаменоваға қатысты ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлімі («Аса ірі мөлшерде пара алу») бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір одан Атырау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті ғимаратында жауап алуда.

Ақылбек Рысқалиев өз кінәсін тез мойындады, сондықтан әзірше оны босатты. Б.Хаменоваға қатысты әлі шара алынған жоқ. 

Ал @Yedilov online өзінің Telegram-каналында Б.Хаменованың жұмыс кабинетінің мөр басылған есігінің суретін жариялады.


Фархат ӘБІЛОВ


10 желтоқсан 2021, 19:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.