Атырау, 5 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

Макс Боқаев адам құқықтары күнін орталық алаңға пикетке шығып атап өтті. Оны қолдауға 7 адам келді

Сурет Бейнежазба
2 013 просмотра

Атырауда бүгін, 10 желтоқсанда Халықаралық адам құқықтары күніне қоғам белсендісі Макс БОҚАЕВ саяси тұтқындарға бостандықты талап етіп, Исатай-Махамбет алаңына жалғыз адамдық пикетке шықты. 

Бір апта бұрын ол әлеуметтік желі арқылы Facebook қолданушыларын өзін қолдауға шақырып, бейнежазба таратқан еді. 

- Өкінішке орай, біз демократия, сөз бостандығы, адам құқығы нормаларының бұзылып жатқанына куәміз. Өз пікірін айтқаны үшін немесе Facebook-те ойын білдіргені үшін қудаланып, түрмеге жабылғандар да бар. Өзім де саяси тұтқындардың бірі болдым. “Тірек” альянсы өкілі, құқыққорғаушы Бақытжан Төреғожинаның есебінше, Қазақстанда 50-ге жуық адамды саяси астармен қудаланып жатыр. Мен саяси тұтқындардың босатылауын талап етемін, атап айтқанда,  2006 жылы Алматының іргесіндегі Шаңырақ ықшамауданында болған оқиғаға қатысқаны үшін сотталған Құрманғазы Өтегеновке бостандықты талап етемін. Оның қамауда отырғанына 15 жыл болды, - деді М.Боқаев «АЖ» тілшісіне.

Атыраудағы орталық алаңға оны қолдау үшін 7 жеті адам келді. 

Айтпақшы, жыл басынан бері Боқаев жергілікті тұрғындар-белсенділермен бірігіп, үш рет рұқсат етілген жерде митинг өткізу туралы өтініш берген, алайда үш жағдайда да рұқсат етілмеді.

Айнұр САПАРОВА

 

10 желтоқсан 2021, 17:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.