Атырау, 5 қазан 15:25
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау облысында бір тәулікте 6 адам Covid-19 жұқтырған

1 513 просмотра

Атырау облысында коронавирус инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирус инфекциясын жұқтырған 6 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 2 жағдайы расталды. Индер ауданында  - 1, Исатай ауданында  - 1, Құрманғазы ауданында - 2 науқас анықталды. 

Коронавирус инфекциясы бар 3 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде, 3 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 3 адам емделді.

Қазір 99 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 62, аудандық инфекциялық стационарларда - 21. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 13 науқас емделіп жатыр.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

10 желтоқсан 2021, 10:01

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.