Атырау, 5 қазан 15:26
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырау карантинге жабылады деген қауесетке қатысты әкімдік жауабын айтты

2 173 просмотра

WhatsApp мессенджерінде қолданушылар 10 желтоқсаннан бастап Атырау қаласы карантинге жабылатыны туралы хабарлама таратуда. Бұл фейк деп хабарлады Stopfake.kz.


Алдағы уақытта локдаунның болатыны туралы қауесетті Атырау облысының әкімдігі жоққа шығарды.

– Бұл ақпарат негізсіз. Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 желтоқсандағы № 24 «Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 29 қыркүйектегі №23 «Атырау облысында шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» қаулысы шыққан болатын. Аталған қаулыда Атырау облысын толықтай карантинге жабу туралы мәлімет көрсетілмеген, – деп хабарлады ведомстводан.

Сондай-ақ, олар жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салып, тек ресми ақпаратқа ғана сенуге шақырды.

9 желтоқсан 2021, 21:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.