Атырау, 5 қазан 15:27
 ашықВ Атырау +16
$ 481.84
€ 531.33
₽ 5.07

​Атырауда прокуратура рөлге отырған есалаңдарды анықтады

1 896 просмотра

Қалалық прокуратура жүйке жүйесі аурулар диспансерінде «эпилепсия» және «баяу шизофрения» диагноздарымен есепте тұрған 30 жүргізушінің заңсыз куәлік алғанын анықтады.

- Жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету прокуратура органдарының күн тәртібінен түскен емес. Соның ішінде, медициналық көрсеткіштер бойынша көлік жүргізуге тыйым салынған 30 тұлға анықталды. Қазіргі таңда Атырау қаласы прокуратурасының ұсынымы негізінде сот тәртібімен аталған тұлғалардың жүргізушілік куәліктерінің күшін жою бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп хабарлады қалалық прокуратурадан.

Биыл эпилепсиямен ауыратын жүргізуші жол-көлік оқиғасына себепші болып, нәтижесінде екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында қаза тапқан еді. Сотта оған айыптау үкімі кесілді.

- Қалалық прокуратура мониторинг нәтижесінде көлік қозғалысы қауіпсіздігі қамтамасыз етілмеген 17 учаскені анықтады. Оларды қауіпсіздік нормаларына сәйкестендіру жұмыстары қолға алынды, - деп қосымша хабарлады.

«Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ Атырау филиалының арнайы халыққа қызмет көрсету орталығында «Жүргізуші куәлігін алғысы келетін тұлға халыққа қызмет көрсету орталығына денсаулығы автокөлік жүргізуге жарамды деген анықтама тапсыру керек. Бұл анықтамаларды мемлекеттік және жеке медициналық мекемелерден алуға болады» деген түсініктеме берді.

Фархат АБИЛОВ

9 желтоқсан 2021, 21:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.