Атырау, 23 желтоқсан 22:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

​Атырау әкімі: «Әлеуметтік баспана бойынша бәрі дұрыс, менің қол астымдағы қызметкерлер шатасып кеткен, олар жазасын алады»

2 156 рет қаралды

Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев облыс орталығында аз қамтылған көпбалалы отбасыларға деп сатып алынған 160 пәтердің берілмей тұрғаны туралы ақпарат шыққан соң қалалық ТКШ бөлімінде қызметтік тексеріс тағайындады.

Қ.Оразбаевтың айтуынша, ҚР Есеп комитетінің әлеуметтік пәтерлер екі жыл бойы берілмей тұрды деген ақпараты қалалық әкімдіктің комитетке берген қате мәліметтеріне негізделген.

- Шын мәнінде, осыған дейін хабарлағанымыздай, бұл пәтерлер 2019-2020 жылдары Атырау қаласындағы апатты үйлердің тұрғындарына берілген, сонымен қатар 496 бекет пен Қарабатаннан көшкендерге ұсынылды. Тағы да қайталаймын, әлеуметтік пәтерлер берілмей тұрды деген Есеп комитетінің ақпараты ТКШ бөлімі берген қате мәліметтерге негізделген. Осы ретте Есеп комитетіндегі әріптестерімнен кешірім сұраймын. Мен қызметтік тексеріс тағайындадым, қате мәлімет берген Атырау әкімдігінің қызметтік тұлғалары жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады Қайрат Оразбаев.

Дайындаған Фархат АБИЛОВ

8 желтоқсан 2021, 09:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.