Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау мен Мақатта су тарифі төмендеді

1 387 рет қаралды

1 желтоқсаннан бастап тұрғындар үшін тариф текше метріне 89 теңгеден 78,26 теңгеге төмендеді (12,1%). Басқа тұтынушыларға, соның ішінде бизнес субъектілеріне ол 294,76 теңгеден 259,19 теңгеге төмендеді (на 12,1%).

Жаңа тарифтерді «Атырау облысы Су Арнасы» КММ өтінішін сараптау қорытындысы бойынша табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті бекітті. Айта кету керек, монополист тарифті тұрғындар үшін текше метріне 154,2 теңгеге, басқа тұтынушылар үшін 556,04 теңгеге дейін көтеруді сұраған. Бірақ департамент бағаны керісінше төмендетті.

Департамент өкілдері хабарлағандай, қазіргі тариф «Атырау облысы Су Арнасы», депутаттар мен қоғам өкілдері қатысқан жұртшылық тыңдауында бекітілген.

Дайындаған Айнұр САПАРОВА


8 желтоқсан 2021, 08:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.