Атырау, 25 сәуір 19:11
 ашықВ Атырау +17
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

​Атырауда жүкті әйел көпірден секірді

1 695 просмотра

Бүгін, 7 желтоқсанда сағат 09:35-те жас әйел жаяу жүргіншілер көпірінен Жайықтың суық суына секіріп кетті. Жедел басқару орталығының қызметкерлері оны оқиға алдында 15 минут бұрын көпірде жүргенін байқап, көңілі құлазып жүргенін сезіп, полиция шақырған. Бірақ әйел ешкімнің сөзіне құлақ аспай, секіріп кетті.

Сол уақытта көпір маңында кезекшілікте катер жүрген. Су полициясы қызметкерлері Жандарбек Жаңбырбаев пен Айбат Джаубаев оны дереу судан шығарып алып, ТЖД қызметкерлеріне тапсырды. Әйел есінен танып қалған. Құтқарушылар жасанды демалдыру және жүрегіне массаж жасау арқылы алғашқы медициналық көмек көрсетті, кейін «жедел жәрдем» де келіп жетті.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, Орал қаласында тұратын, жүктілігі 4 ай болған 28 жастағы жас қыз өзіне қол жұмсауға жұмыстанған. Қазір ол облыстық аурухананың нейрохирургия бөлімінде. Дәрігерлер жағдайын "орташа" деп бағалады. Науқастың төрт қабырғасы сынған.

Емдеудің барлық кезеңінде ол дәрігерлер мен психологтың бақылауында болады. Ал полиция бұл әрекеттің мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізуде.

Айнұр САПАРОВА

Суретті облыстық ТЖД ұсынды

7 желтоқсан 2021, 17:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.