Атырау, 28 наурыз 22:06
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

​«Насихадағы» кездесу: неге салықшылар халықтың қолма қол ақшасына кірісті

1 605 просмотра

Желтоқсан айынан бастап сатушылар мен такси жүргізушілерінің көпшілігі мобильді аударыммен ақша алудан бас тартып (Kaspi бойынша), қолма қол ақша талап етуде. Жақында Салық кодексіне енгізілген мобильді аударымдарды реттеу туралы өзгерістерге олардың реакциясы осындай. Сондықтан салық қызметінің өкілдері халықпен кездесуге шығып, өзгерістерді түсіндіруге тырысты. Осындай бір кездесу 2 желтоқсан күні «Насиха» базарында өтті.

Жүйе қазір енгізілмейді әрі барлық азаматтарға емес, тек кәсіпкер ретінде тіркелгендерге қатысты. Дегенмен тауары мен көрсеткен қызметі үшін «бейресми» ақы алатындар мемлекеттің бұл әрекетін өздерінің қаржылық қозғалысын тексеру үшін ойлап тапқан деп қабылдады. Сол себепті мобильді аударымдардан бас тартып, баяғы қолма қол ақшаға көшті.

- Егер сіз қазір QR код арқылы жұмыс жасасаңыз, сіз үшін ештеңе өзгермейді. Мобильдік аударымдар үшін жаңа салық төлемейсіз. Сіз қазірдің өзінде QR арқылы аударым қабылдағанда салық төлеп, тұтынушыға чек беруге тиіссіз. Сол күйінде қалады, - деп түсіндірді жиналған сатушыларға Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Эльмира Сисенова.

Сатушылардың көпшілігі QR кодты қазір пост-терминалдардың орнына пайдаланады.

Бір банктің қаржылық құралдарына қатысты көңілдері басылған жиналғандар жүйенің басқа банктердің мобильді аударымдарын қалай тексеретінін сұрады.

- Біріншіден, олардың өздерінің мобильді банкингтері бар. Ресейдегідей кәсіпкердің ЖСН енгізгенде түрлі банктегі есепшоттары туралы ақпарат беретін жүйе де енгізілуі мүмкін.

«АЖ» тілшісі сол жерде өз сұрақтарын қойды.

- Егер түзетулер жеке кәсіпкер ретінде тіркелгендерге қатысты болса, олар ата-анасының, жолдасының немесе балаларының кәртішкелерін пайдалана алады ғой. Жеке тұлғаларды тексермейсіздер ме?

- Жаппай декларациялау енгізілгенге дейін жеке тұлғалардың жеке мақсаттағы аударымдары тексерілмейді. Демек, 2025 жылға дейін ЖК және мемлекеттік қызметшілерден бөлек жеке тұлғалар үшін ештеңе өзгермейді. Бірақ жаппай декларациялауды біртіндеп енгізу бойынша заңға сәйкес 2025 жылдан бастап кәсіпкерлік қызметтің белгілері бар барлық мәліметтер тапсырылады.

- Тәуекелдерді басқару жүйесі салықты қалай есептейді? Аударымдардың жиілігіне әлде олардың көлеміне байланысты ма?

- Әзірге бұл сұрақ шешілген жоқ, әдістеме банктер және қаржылық бақылау агенттігінің бірлесуімен қарастырылуда. Өзгертулер күшіне енгенге дейін әзірге уақыт бар.

-  Ал адамға туыстары, мәселен, тойға немесе жаназаға ақша аударса қалай болады?

- Тәуекелдерді басқару жүйесі ондай төлемдерді бірден анықтайды. Себебі, олар үнемі аудармайды ғой.

- Пандемия кесірінен мен қазір тауарға өзім бармаймын, сатушыларға ақшамды мобильді қосымша арқылы аударамын. Ол үшін де ақша төлейміз бе? – деп сұрады кәсіпкер әйелдің біреуі.

Салық органының өкілдері тек түскен ақша тексерілетінін айтты.

... Сатып алушылар өз кезегінде азық-түлік дүкендерінде аударымдар қабылдамайтындарына шағымданды. Ал пост-терминалдар орнатылмаған. Э.Сисенованың айтуынша, Қазақстанда тауар сату және қызмет көрсетумен айналысатын субъектілердің көпшілігі төлемді банктік кәртішке арқылы қабылдап, фискалдық чек берулері керек. Егер сіз осы ережелердің бұзылғанын көрсеңіз, хабарлаңыз, ол үшін сыйақы да аласыз. Оның үстіне қазір «Азаматтық бақылау – чекті талап ет» акциясы өтіп жатыр, яғни, фискалдық чек бермеген немесе кәртішкемен төлем алудан бас тартқан жағдайды хабарлап, ақшалай сыйақы ала аласыз. Факт расталса, хабар берген адамның жеке табыс салығынан 1000 теңге шегеріледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

3 желтоқсан 2021, 22:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.