Атырау, 23 желтоқсан 22:11
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

2 млрд теңгені қоқыс басып, қамыс қаптап кетті

2 270 рет қаралды

Құлсары қаласын кесіп өтіп жатқан Құрсай өзегінің жағалауын абаттандыру жұмыстары бұдан екі жыл бұрын жасалып,  халықтың демалыс орнына айналған болатын. Қазір бұл жағалау да, өзектің бойы да адам көргісіз күйде тұр. 

Жалпы 2018-2019 жылдары бұл жұмыстарға 2 млрд теңгеге жуық қаржы жұмсалды. 4460 шаршы метр болатын өзек бойы қазылып, қоқыстан  тазартылып, плиталар төселген болатын. Ал 2 мың шаршы метрге төсемтастар төселіп, орындықтар қойылып, жарық шамдарымен қамтылып, халықтың демалыс орнына айналған болатын. Бұл жұмыстарды "Орлан" ЖШС атқарды. Құрсай өзегін қамыс басып, қоқыс жайлап кетті, отырғыштар мен қоқыс жәшіктерінің кейбірі сындырылып, іске асудан қалды, ал жарық шамдары жанбай тұр.

- Иә, отырғыштар мен қоқыс жәшіктерін сындырып тастаған вандалық фактілер орын алуда. Әкімшілік тарапынан аудандық полиция бөліміне бұзақылық жасаған тұлғаны анықтауды және жаяу патрулді сұрап хат жазылды, - дейді Құлсары қаласының әкімі Ернар ЫСМАҒҰЛОВ. – Жағалауға бейнебақылау камераларын орнатып, Жылыой аудандық орталық басқару жүйесіне (ЦОУ) қосу жұмыстары жоспарлануда. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суреттерді түсірген Асхат НҰРСҰЛТАНОВ

2 желтоқсан 2021, 15:48

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.