Атырау, 23 желтоқсан 22:12
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Атырау облысында бір тәулікте 8 адам Covid-19 жұқтырған

2 023 рет қаралды

Атырау облысында бір тәулікте 8 адам Covid-19 жұқтырған 

Атырау облысында коронавирусты инфекциясын тарату жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. 

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 8 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 5 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 3 науқас анықталды. 

Коронавирустық инфекциясы бар 7 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 1 адамда ауру белгілері жоқ. 

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 10 адам емделді.

Қазір 113 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада - 69,
аудандық инфекциялық стационарларда - 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда - 16 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы "жасыл" аймақта.

2 желтоқсан 2021, 09:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.