Атырау, 18 сәуір 06:04
 ашықВ Атырау +23
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

​Қылмыс хроникасы

2 003 просмотра

Қарашаның 25-інен 26-сына қараған түні Балықшыда 22 жастағы жігіт оқ тиіп, облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиғаның жай-жапсары әзірге белгісіз.

– Жас жігіт оң жамбасынан оқ жарақатымен ауруханаға түсті. Сол жерде оған алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, тұрғылықты жері бойынша емханаға жіберілді, - деп хабарлады «AЖ»-ға облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Полиция департаментінен әзірге ақпарат берген жоқ. Бізге белгілі болғаны, оқиға бойынша қылмыстық ҚР ҚК-нің 293-бабы («Бұзақылық») бойынша қылмыстық іс қозғалып, оны 24-99-баптар («Адам өлтіруге оқталу») бойынша қайта саралауы мүмкін. Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары жүргізілуде.

* * * * *

26 қарашада Жылыой ауданы аумағында далалықтан ер адамның өлігі табылды.

Бейресми мәлімет бойынша, «АСК» ЖШС-нің 40 жастағы (Тараз қаласының тумасы) дәнекерлеушісі  басынан ауыр алған соққыдан қайтыс болған. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

 

* * * * *

Атырау облысында «Стоп-трафик» жедел алдын-алу шарасы барысында 16 жезөкше анықталып, есепке алынды.

«Полиция қызметкерлерінің атқарған жедел іс-шарасы барысында жезөкшелікпен айналысу үшін ұйық ұстауды ұйымдастырған факті анықталды (ҚР ҚК 309-бабы). Күдіктілерге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы («Қоғамдық орындарда тиісу»), ал екіншісіне қатысты 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») бойынша хаттама толтырылды, - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.

* * * * * *

Атырау облысы ПД-нің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 44 жастағы атыраулық әйелден 100 дана трамадол және 63 дана трапикамед дәрі-дәрмектерін анықтады. 
Құрамында есірткі бар дәрілік заттарды заңсыз сатып жүрген әйел «Дәрмек» жедел- профилактикалық іс-шарасының аясында ұсталды. 
Қазіргі таңда барлық құжаттар ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментіне шешім қабылдау үшін жолданды.
Оның әрекеті ҚР ӘҚБтК-нің 426-бабы (Фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникалық айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша тіркелді.

Дайындаған: Фархат АБИЛОВ пен Ләззат ҚАРАЖАНОВА

1 желтоқсан 2021, 15:02

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.