Атырау, 9 қазан 03:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 486.44
€ 534.31
₽ 5.06

Үшінші екпенің кезегі келді

294 просмотра

23 қарашада еліміздегідей, Атырау облысында да халықты COVID-19-ға қарсы қайта вакциналау басталды.

- Қайта вакциналаудың алғашқы кезегінде вакцинаның үшінші компонентін бұрын өңірде алғашқылардың бірі болып ектірген 8 түрлі санат өкілдері алады, - деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялыр қызметі. Олардың қатарына медицина қызметкерлері, мұғалімдер, полиция қызметкерлері, студенттер, жабық мекеме мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері, мемлекеттік қызметкерлер, сондай-ақ созылмалы аурулары бар адамдар.

Атырауда қазіргі екпені алғашқылардың бірі болып Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова, Бас санитар дәрігер Мәдениет Танауов (суретте) және денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуалиев алды.

Естеріңізге сала кетсек, 1 ақпанда алғашқы болып екпе алуға ерікті түрде ниет білдіргендер де осылар еді.

Асхан Байдуәлиевтің айтуынша, бүгін Атырау облысында халыққа вакцинаның екі түрі ұсынылуда: векторлық және инактивті. Векторлық дегеніміз - "Спутник V", ал қалғаны инактивті.   

- Векторлық вакцина алғандарға 9 айдан кейін инактивті, яғни "Vero Cell" немесе "QazVac" вакцинасын алуға кеңес беріледі. Ал бұрын интактивті екпе алғандарға алты айдан кейін векторлық "Спутник V" вакцинасын алған дұрыс, - деді Асхан Байдуәлиев.

Соңғы ақпарат бойынша, Атырау облысында COVID-19-ға қарсы вакцинаның алғашқы компонентімен 248 090 адам егілген. Екінші компонентті өңірдің 226 685 тұрғыны алды.

Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА

 

23 қараша 2021, 19:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.