Атырау, 21 қаңтар 22:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 434.24
€ 492.69
₽ 5.67

Ұстаздар да дәріс алады

Сурет Бейнежазба
1 234 просмотра

Атырау облысының 50 шақты қосымша білім беру педагогтары – музыка, еңбек, бейнелеу өнері мұғалімдері «Білім беруді дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған жол картасы» аясында ұйымдастырылған тренингке қатысты.

«Инженерлік іс (қолданбалы математика, физика, информатика)», «Пилотсыз ұшу аппараттары», «WEB-дизайн және әзірлеу», «Бейнепродакшн, YouTube контентін әзірлеу», «Lego WEDO 2.0-де құрастыру», «Дизайнерлік және сәулеттік жобалау», «Қыш өнерінің негіздері», «Сыртқы келбет эстетикасы», «Әмбебап (үй) шебер»  сияқты 9 түрлі маңызды бағыттар бойынша оқыту шарасы облысымызда алғашқы рет өтіп отыр. Оларға Қазақстанның әр түкпірінен келген Назарбаев Зияткерлік мектептерінің педагог-сарапшылары дәріс берді.

Тренер Ануар Жаманқұлов қосымша білім беру педагогтеріне «Бейнепродакшн, YouTube арнасына контент әзірлеу» курсы бойынша бес күндік дәріс өткізген.

- Қазір контентті визуалды жеткізудің маңызы зор, әсіресе көптеген пәндер бойынша өтетін сабақта. Мұғалімдер сабағына презентация жасағанда өздері білмегесін видеомонтажер жалдайды. Көптеген талантты оқушылар YouTube  каналына сапалы контент әзірлеуді дұрыс меңгермегендіктен көпшілікке көрінбей, таланты тасада қалып жатыр. Бес күндік курс аясында ұстаздарға осыны үйреттім. Енді олардың өзі үйренгенін әріптестеріне, мұғалімдер мен оқушыларға үйрете алады.

Қызылқоға ауданы Миялы ауылындағы балалар өнер мектебінде бейнелеу өнерінен дәріс беретін оқытушы Елшат ҚАЗИЕВА қыш құмырадан бейнелеу курсынан өтті. Станоктармен жұмыс жасауды, қыштан кесе, құмыра жасауды, мүсіндерді бейнелеуді үйренді. Жасаған осы бұйымдарды глазурьге бояса бұл ыдыстарды қыш бұйым ретінде тұрмысқа пайдалануға да болады. Ол үйренгенін Қызылқоға мектептеріндегі қосымша білім беру педагогтері мен мектеп оқушыларына үйретуге ниетті.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суретті түсірген автор 

30 қараша 2021, 23:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 707 37 300 37 нөміріне және editors@azh.kz поштасына жібере аласыз.