Атырау, 23 сәуір 22:01
 ашықВ Атырау +16
$ 445.66
€ 474.58
₽ 4.78

Спорт жаңалықтары

1 665 просмотра

Киевте панкратионнан жастар мен ересектер арасында әлем чемпионаты өтті. Атырау облысының құрама командасы бір алтын, екі қола алқа жеңіп алды.

16-17 жас санатында Денис Бычков алтын, Әлихан Зубариев қола жүлдеге ие болды. Ерлер арасында Әділбек Қайырғали да қола жүлдегер атанды. Айта кетейік, екі жыл бұрын ол Римде әлем чемпионы болған еді. 

* * * * *

Атыраулық каратэші Жаңбыр Бейбарыс Дубайда өткен спорттық каратеден (WKF) командалық әлем чемпионатында қола жүлде алды. Бейбарыс Қазақстан құрамасының сапында жүлдегер атанды.

Командалық турнирде Қазақстан ерлер құрамасы қола жүлде үшін күресте Түркия құрамасын ұтты. Бұл құраманың командалық есептегі алғашқы алқасы. Алғашқы үш кезеңде Қазақстан құрамасы Босния, Марокко, Сауд Арабиясы құрамаларын жеңіп, ширек финалда Италиядан ұтылды. Жұбаныш раундында құрама Косово командасын ұтты. 

* * * * * 

Оралда дзюдодан Қазақстан чемпионаты өтті. Турнирге 14 облыс пен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 400-ден астам спортшы қатысты.

Бұл турнирде Атырау облысының құрамасы 6 алқа жеңіп алды: алтын – Абиба Әбужақынова (48 келіге дейін) және Ермек Амангелді (66 келіге дейін); қола – Қанат Сейілхан (60 келіге дейін, Есімгүл Куюлова (63 келіге дейін), Айболат Ыстыбай (66 келіге дейін) және Сұңғат Закарияев (90 келіге дейін).

26 қараша 2021, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.